Украинаның елшісі Киевке берілген қарудың жарамдылық мерзімі аяқталып барады деп мәлімдеді

Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі Украина аумағына жарамдылық мерзімі өтіп кеткен қару-жарақтың жеткізілуіне қатысты түсініктеме берді.

Бұрынғы СІМ басшысы Вадим Пристайко Newsweek-ке берген сұхбатында батыс елдері Киевке берген қару-жарақтың бір бөлігінің жарамдылық мерзімі аяқталғанын хабарлады.

«Жабдықтардың бір бөлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Қаруды кәдеге жаратқыңыз келсе, бізге беріңіз деп әзілдейміз. Біз қажетті арнаға бағыттаймыз. Бейбіт уақытта бұл туралы ешкімге де айтпас едік. Ал қазір айтпасақ болмайды?», — деді дипломат.

Сондай-ақ Пристайко АҚШ-тағы кейбір саясаткерлердің Киевті қолдау ауқымына қатысты алаңдаушылығын жоққа шығарды. Елшінің айтуынша, америкалықтардың Украинаға көмегі арттыруы АҚШ-тың компаниялары мен жұмысшылардың табысын еселей түседі.

Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Abrams танктерінің Украинаға жанармай шығыны мен жиі техникалық ақауларға байланысты жібермейтінін хабарлаған болатын.

 

Добавить комментарий