Бразилияның экс-президенті АҚШ-та ауруханаға жатқызылды

Қазіргі уақытта АҚШ аумағында жүрген Бразилияның экс-президенті Жаир Болсонару ауруханаға жатқызылды. Ол Орландо қаласындағы (Флорида штаты) ауруханада емделіп жатыр.

Бразилиялық Globo медиа холдингінің хабарлауынша, ол іш аймағының қатты ауырсынуына байланысты ауруханаға жатқызылды.

Globo атап өткендей, Болсонару 2018 жылдан бері іш тұсынан белгісіз біреудің пышақтауына байланысты іш ауруымен ауруханаға бірнеше мәрте түсті.

Болсонарудың жақтастары ел астанасы Бразилиа қаласында полиция қоршауын бұзып өтіп, парламент, Жоғарғы сот және Мемлекет басшысының резиденциясы ғимараттарына баса көктеп кірді.Олар оның өткен жылғы өткен сайлаудағы жеңілісін мойындамай, экс-президенттің билікке қайта келуін талап етіп, жиі наразылық шарасын өткізіп тұрады.

Добавить комментарий