Джозеф Байден Бразилиядағы тәртіпсіздіктерді шектен шыққандық деп атап, ел президенті Лула да Силвамен бірге жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
«Мен демократияға жасалған шабуылды және Бразилияда билікті бейбіт жолмен берілуін айыптаймын… Бразилия халқының еркіне нұқсан келтіруге болмайды», — деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мен Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен наразылық білдірушілердің әрекетін сынға алды.
Бұған дейін Еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель Бразилиядағы тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдіріп, үкіметтік ғимараттарды басып алуды «заңсыз басқыншылық» деп атады. Еурокеңестің төрағасы Шарль Мишель осындай пікір білдірді.
Бразилияның экс-президенті Жәир Болсонарудың өзі заңға қайшы әрекет жасаған жақтастарының әрекетін айыптады. Сонымен қатар, ол да Силваның сайлау нәтижесін бұрмалады деген айыптарын үзілді-кесілді жоққа шығарды.
8 қаңтарда Бразилия астанасында Лула да Сильваның үкіметіне қарсы жаппай наразылық шарасы басталды. Олар бейбіт шеруге шығады деп болжанған, алайда көп ұзамай наразылық білдірушілер бұзақылық әрекетке барды.
Экс-президент Болсонарудың жақтастары полициямен қақтығысып, елордадағы парламент ғимаратына бас көктеп кірді. Сонымен қатар, желіде президент сарайында бұзақылық актілерінің видеосы жарияланып жатыр. Бразилия федералдық полициясының бастығы Андерсон Торрес қылмыскерлер жазасыз қалмайтынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта президент сарайы, Парламент және Жоғарғы сот ғимараттарынан наразылық білдірушілер шығарылды, ал жүздеген шерушілер ұсталып, мамандандырылған учаскелерге жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, тәртіпсіздікке шамамен 5 мың азамат қатысқан.
Президент Лулу да Силваны қауіпсіз ауданға эвакуацияланған. Мемлекет басшысы елордада қаңтар айының соңына дейін ТЖ режимін жариялап, дүмпу ұйымдастырғандарды, сондай-ақ олардың жолын кеспеген полицейлерге қатысты шаралар қабылдауға уәде берді.
1 қаңтарда Луис Инасиу Лула да Силва ант қабылдап, үшінші рет Бразилия президенті болды. Ол 31 қазанда өткен сайлауда қарсыласы Жаир Болсонарулы 1,8 пайыз дауыспен озып, жеңіске жетті. Да Силваның президенттік мандатының мерзімі төрт жылды құрайды.