Ақ үйдегі Reuters басылымының аоноимді дереккөздері ЖӘК «Вагнер» Донецк облысы аумағындағы Бахмут қаласын не үшін басып алуға ұмьлып жатқанын хабарлады.
«Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожинге қала маңындағы кен орындарына байланысты Бахмутты басып алуға тырысып жатыр, деп мәлімдейді басылым Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасап.
Құрама Штаттар Пригожин «Украина қорғап жатқан Бахмут қаласының маңындағы шахталардан тұз бен гипсті бақылауына алуға мүдделі» деп санайды.
Ақ үйдегі шенеуніктің пікірінше, Ресей мен Пригожиннің Бахмутты басып алуға «ұмтылысы» қаржылық себептерге негізделген, деп жазады Reuters.
Бұған дейін Құрама Штаттар ресейлік жалдамалыларды Орталық Африка Республикасында, Малиде, Суданда және басқа елдерде табиғи ресурстарды пайдаланды деп айыптаған болатын.
Еске сала кетейік! Украина аумағында ЖӘК «Вагнер» құрамында соғыс қимылдарына қатысқан алғашқы тұтқындарға рақымшылық жасалды. Олар жарты жыл солардың қатарында болған. Олардан барлық соттылығы алынып тасталды.