Украинаның Бас барлау басқармасы ел әскері жаңа ауқымды қарымта шабуылға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады.
БББ мамандары Украинаның 1991 жылғы шекарасындағы аумақтарды қайтаруды болжап отыр.
Украина әскері биылғы көктемде ауқымды қарымта шабуылға шығады деп жоспарланған.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Барлау бас басқармасының бастығы Кирилл Буданов АВС News басылымына берген сұхбатында хабарлады.
«Буданов наурыз айында «кескілескен» ұрыс қимылдары болады деп күтетінін айтып, көктемде Украина ауқымды шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын айтты», — деп хабарлайды басылым.
ББ басшысы Украинаның уақытша бақылауына аірмейтін және аннексияланған аумақтарын босату РФ-ны толықтай жеңілісі екенін айтты.
«Аталған аумақтарды қайтару және Ресей Федерациясының жеңілісі. Бұл Украинаның түкпір-түкпірінде, Қырымнан Донбассқа дейін болады», — деп мәлімдеді Буданов, Киевтің мақсаты бұрынғы — 1991 жылғы шекарасын қайтару екенін атап өтті.
Бұған дейін Буданов Украинадағы жауынгерлік қимылдар «тығырыққа тірелгенін» мәлімдеді, себебі Украина да, РФ да «елеулі жетістіктерге» қол жеткізе алмады.
Сондай-ақ, Буданов 2023 жылдың басында Ресейде жаңа мобилизация толқыны жарияланатынын мәлімдеді.