16 желтоқсанда ЕО кеңесі Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қысымды күшейтуге бағытталған жаңа санкциялардың тоғызыншы пакетін бекітті. Экономикалық санкцияларға қосымша ретінде ЕО Кеңесі жеке санкциялар тізімін жаңа жеке және заңды тұлғалармен толықтырады. Қазіргі таңда Ресейдің Украинаның талабымен соғыс қимылдарын тоқтатпайтын сыңайлы. «Осылайша, Ресейге қатысты батыс мемлекеттері қабылдаған осы санкциялық пакеті соңғысы емес деген қорытынды жасауға болады», — деп түсіндіреді сарапшылар.
5 желтоқсаннан бастап ЕО Кеңесінің Ресей мұнайына шекті баға енгізу және үшінші елдерге Ресей мұнайын теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салу туралы шешімі күшіне енді. Сарапшылардың айтуынша, мұнай эмбаргосы Ресей экономикасын тығырыққа тіреп отыр. Шетелдік сарапшылар Батыс бұл бағытта одан әрі жылжып, санкцияларды күшейтеді деп мәлімдеуде.
Ресейдің кейбір сарапшылары санкциялардың ел экономикасы үшін әсер етіп жатқанын мойындап отыр. Мәселен, Ресей банкінің басшысы Эльвира Набиуллина санкциялардың Ресей экономикасына әсер етіп жатқанын айтты.
Набиуллина халықаралық санкциялар ресейлік импорт пен экспорт географиясын өзгертіп, ескі сыртқы экономикалық байланыстарды үзіп, жаңасына іздеуге тура келіп отырғанына, ал қазіргі уақытта экономика құрылымдық трансформация кезеңінен өтіп жатқанын атап өтті.
Сбербанк басшысы Герман Греф шетелдік компаниялардың елден кетуін Ресей экономикасы үшін «ең ұзақмерзімді жағымсыз салдардың бірі» деп бағалады.
РФ Орталық банкі негізгі мөлшерлеме бойынша директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша материалдарда Ресейде «көптеген салаларда жұмыс күшінің тапшылығы артып келе жатқанын» мәлімдеді. Батыс саясаттанушылары бұл мобилизацияға байланысты деп мәлімдеуде.
Ресей 2023 жылға арналған бюджеттің үштен бірін әскер мен күш құрылымдарына жұмсауда, бұл былтырмен салыстырғанда айтарлықтай артқан.
«Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. салалар зардап шегуі әбден мүмкін. Мәселен, Путин зейнетақының жинақтаушы бөлігін бұғаттауды ұзартатын заңға қол қойды — ресейліктер оны 2025 жылдың соңына дейін ала алмайды. Көріп отырғанымыздай, ресейліктер басқа салаларда да күнкөріс жақсарады деп күтпей-ақ қойса болады», — деп жазады украиналық сарапшылар.
Өз кезегінде британдық барлау қызметі соғыстың шығынын жабу үшін мұндай шығындардың өзі жеткіліксіз болады деп мәлімдейді.
Financial Times жазғандай, кең ауқымды ұрыс қимылдары басталмастан бір ай бұрын Герман Греф пен Эльвира Набиуллина РФ президентіне шабуыл Ресей экономикасы үшін «апатты зардаптарға» әкелуі мүмкін екенін түсіндірмек болған, алайда олар оны көндіре алмаған.