Өткен тәулікте коронавирусты жұқтырудың 76 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бір тәулік бұрын 115 адам анықталған, жаңа жылдың бірінші күні Қазақстанда COVID-19-дың 200-ден астам жағдайы тіркелген болатын.
3 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 680 адам коронавирус инфекциясынан (–2 487+ және 193 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 7 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.