Ресей президенті Владимир Путиннің Украина аумағына Ресей әскерлерін жіберу туралы шешімі РФ үшін бірқатарауыз толтырып айтарлықтай салдарға алып келді. «Бұған РФ-ның өркениетті әлемнен оқшаулануын, ел экономикасын құрдымға жіберіп жатқан санкцияларды және ресейліктердің қаржылық әл-ауқатының нашарлауын, ресейлік сарбаздар арасындағы орасан зор шығындарды жатқызуға болады. Соғыс қимылдары ішінара РФ аумағын қамтығанын атап өткен жөн», — деп мәлімдейді олар.
РФ Қорғаныс министрлігі 5 желтоқсан, дүйсенбі күні Ресейде Рязань облысындағы «Дягилево» және Саратов облысындағы стратегиялық бомбалаушы ұшақтар орналасқан «Энгельс» аэродромдарына ұшқышсыз басқарылатын ұшақтармен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Ертесінде Курск аэродромында да өрт шықты.
Хабарланғандай, дрон шабуылы салдарынан өрт шыққан. Украина бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті ресми түрде өз мойнына алған жоқ, сонымен қатар Ресей тарапының мәлімдемесін жоққа шығармады. Өз кезегінде The New York Times анонимді түрде пікір білдірген украиналық жоғары лауазымды шенеуніктің сөзін келтіріп, Ресейдегі аэродромдарға шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарлытан ұшақтар Украинадан ұшырылғаны туралы мақала жариялады.
Ресейлік әскерилердің айтуынша, Украина шабуыл жасау үшін кеңестік өндірістегі Ту-141 немесе Ту-143 модификацияланған ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды пайдаланған. Шабуылдарды шынымен де украиналық әскерилер жасаған болса, онда бұл, біріншіден, Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі сапалы әрі қуатты емес екенін көрсетеді. Екіншіден, Киев батыстық алыстан соққы беретін қаруларсыз ақ Ресейдің тыл аудандарына шабуыл жасай алатыны белгілі болды.
Жоғарыда аталған шабуылдардан кейін Путин РФ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кеңес өткізіп, онда «ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету» мәселесін талқыланды.
«Украина Қарулы Күштері қазірдің өзінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетіп, Ресейдің әскери нысандарына алыс қашықтықтан жоғары дәлдіктегі қарумен шабуыл жасағанын еске салған жөн. Мәселен, тамыз айында Киев Қырымда ұрыс қимылдарын жүргізіп, ресейлік авиабазаларына зымыран шабуылдарын жасады. Сол кезде украиналық тарап аталған зымыран шабуылына қатысы барын ресми түрде растады.
Қырым көпіріндегі жарылыс, сондай-ақ Ресей билігінің Украина Ресеймен шекаралас қалаларға шабуыл жасап, соның салдарынан бейбіт тұрғындар құрбан болып жатқаны туралы бірнеше рет мәлімдегенін назардан тыс қалдырмау керек. Мұның бәрі Кремль тарапынан Киевтің беделін түсіру үшін жасалған арандату әрекеті. Оның үстіне Қырым көпіріндегі жарылысқа Ресейдің күш құрылымдары қатысты деген пікір бар», — деп мәлімдейді украиналық саяси технологтар.
Өз атын атамаған сарапшылардың айтуынша, Ресей аумағындағы ұрыс қимылдарының қарқыны артады. Мәселен, НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей аумағына жасалып жатқан шабуылдарға қатысты пікір білдіре отырып, Украина РФ-ның қалалар мен инфрақұрылым нысандарына жасап жатқан шабуылдарынан қорғануға құқылы екенін мәлімдеді. «Осылайша, Киев батыстық серіктестерден»келісімін» алып, РФ аумағындағы әскери нысандарға барынша соққы беретін болады. Осы қанды соғысты бастаған Владимир Путин өз халқы мен мемлекетінің басын қатерге тігіп отыр», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.