Екібастұз тұрғындары тағы да жылусыз қалды

Екібастұздағы көпқабатты үйлер мен жеке үйлер уақытша жылудан ажыратылады. Бұл жылу желілерінің бұзылуына байланысты.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС хабарлағандай, ақау Момышұлы көшесі, 69 үйге қарай тартылған орамішілік жылу желісінде орын алған. Зақымданған құбырды жоюға бірнеше сағат қажет болады.

Осыған байланысты желтоқсанның 29-і күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Момышұлы көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлерде 65, 67, 69, 71, 73, 79, 81, 83/13, 83а мекен-жайларында, Наурыз, 16, 160, Момышұлы, 66а, 71, 75а, 756, 79а жеке үйлерде, сондай-ақ Момышұлы 83/13, 85/12 заңды тұлғалар ғимараттарында жылу болмайды.

 

Добавить комментарий