Солтүстік Қазақстан облысы: 6 елді мекен карантинге жабылды

2020 жылдың қазан айында Солтүстік Қазақстан облысында бірден алты елді мекен карантинге жабылды.

«Бүгін Мамлютка, Булаев және Явленка аудан орталықтары, сондай-ақ Шал ақын ауданында Повозочное ауылы, Тайынша ауданында Краснокиевка, Ақжар ауданында Ленинградское карантинге жабылды», — деді СҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті медициналық көмек сапасының тәуекелдерін бағалау бөлімінің басшысы Арман Күшбасов брифингте

Бұған дейін хабарланғандай, СҚО әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссия отырысының хаттамасына сәйкес,ауылдық елді мекендерде коронавирустық инфекцияны жұқтыру фактісі үш-бес және одан да көп болған жағдайда, аудан орталықтарында жеті және одан да көп жұқтыру фактілері болған жағдайда карантин режимі енгізіледі.

«Онда шектеу шаралары кем дегенде 14 күн қолданыста болады. Алайда, онда жаңа ауру жағдайлары тіркелуде», — деді Күшбасов.

Сондай-ақ, ол Петропавлды карантинге жабу мәселесі әзірге талқыланып жатқан жоқ деп атап өтті: соңғы екі аптада мұнда 40 жағдай тіркелді, ал соңғы аптада сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 18 жағдайды құрады.

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қатаң карантиндік шаралар 100 мың халыққа шаққанда 50-ден жоғары болған жағдайда ғана енгізіледі», — деп түсіндірді Күшбасов.

Ол сондай-ақ оқу жылының басынан бері коронавирусты 30 оқушы жұқтырғанын, оның ішінде 15 оқушы мектептерде күндізгі оқу формасында оқығанын айтты.

«Алайда кезекші сыныптарда топтық аурулар тіркелген жоқ. Бүгінде облыста карантинге жабық сыныптар жоқ», — деп түйіндеді сөзін ТҚСҚБД өкілі.

Бұған дейін СҚО-да 16 қазаннан бастап коронавирус бойынша карантиндік шаралар күшейтілетіні хабарланған болатын.

Добавить комментарий