Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз орталығы «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы басшысының ұсталғанын хабарлады.
Қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
«Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде», — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Ведомствода хабарлағандай, алынған пара сомасы 11 млн теңгеден асады.
20 желтоқсанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
27 желтоқсанда «Қазселденқорғау» басшысы Кәрім Көкрікбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.