Америкалық Politico басылымы ресейлік диктатор Владимир Путинді «жылдың жолы болмаған адам» деп атады. «Мұндай бағалау РФ президенті үшін орынды. Ресейдің Украинадағы кең ауқымды соғыс қимылдары 10 айдан бері жалғасып келеді және Путин экономикалық, саяси, әскери бағыттар бойынша жеңіліске ұшырады деп сенімді түрде айтсақ болады», — деп есептейді батыс елдерінің сарапшылары.
Олардың пікірінше, Путин қарапайым ресейліктердің ғана емес, сонымен қатар ел ішіндегі жақтастарының да қолдауынан айырылуда. «Соғыс қимылдары басталғалы бері РФ әскері алға қойған бірде-бір мақсатына қол жеткізе алмады. Наурыз айының соңында Ресей әскерлері Киев түібінен кетті, сәуір айында зымыран шабуылы салдарынан айырылды Қара теңіз флотының флагмандық кемесінен айырылды, қыркүйек айында Харьков облысынан қашып кетті, ал қараша айында соғыстың басында басып алған жалғыз облыс орталығы Херсонды тастап кетуге мәжбүр болды. Украина Қарулы күштері басымдыққа ие болып, ұрыс алаңында ресейлік басқыншыларына батыл түрде тойтарыс беруде. Қазіргі таңда ресейліктер басып алынған Запорожье, Луганск облыстарында, сондай-ақ РФ-ның Белгород облысында, атап айтқанда, окоп қазу, интернет-платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы бекіністер салу үшін адамдар тартуға мәжбүр», — деп жазады украиналық саясаттанушылар өз ақпарат көздерінен алынған деректерге сілтеме жасап.
Олар орасан зор әскери шығындар туралы айта келе, РФ-да ішінара мобилизация жарияланғанын, сотталушыларды соғысқа тартып, жекеменшік әскери ұйымдар мен құралымдардың көмегіне жүгіне бастағандығына алға тартып отыр. Айта кету керек, көптеген сарапшылар РФ-да мобилизацияның екінші толқыны басталады деп отыр.
Сарапшылардың айтуынша, көптеген Еуропа елдері Ресейді терроризм қолдаушысы деп санайды. «РФ Иран мен Солтүстік Корея сынды елдермен қатар бір тізімге енді», — деп жазады саясаттанушылар.
Олардың пікірінше, соғыстың салдарынан ресейліктер мен украиндар бір-біріне жау болып қалды. «Қазіргі таңда, әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сәйкес, украиндықтардың басым көпшілігі Қырым мен басып алынған Донбассты қоса алғанда, барлық Украина жерлерін азат етуді жеңіс деп санайды.
Сонымен қатар, Ресей армиясы Украина аумағына басып кіргеннен кейін Батыспен текетірес шиеленісе түсті. Батыс мемлекеттері күш біріктіріп, Украинаға әскери көмекті қоса алғанда, барлық аспектілерде көмек көрсетеді. Бұл жерде РФ экономикасына қарсы көптеген санкциялар мен Ресейден батыс бизнесінің жаппай кетуін айта кетсек болады.
Владимир Путин биыл Қызыл алаңда хоккей ойнамайды, баспасөз конференциясы өтпейді және Федералдық жиналыста жолдау жасамайды. Батыстың саясаттанушылары халықтың наразылығы белең алмауы үшін мұндай шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Саясаттанушылар жоғарыда аталған деректерге сүйене отырып, Ресей Федерациясы мен елдің президенті Путиннің Украинадағы сәтсіздіктерге байланысты ресейлік ақпарат кеңістігін бақылауда ұстай алмайды деген қорытындыға келіп отыр.