Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды

Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Үкіметте тиісті қаулыға қол қойылды.

Академия қызметіне әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіру;
ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру; ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу; ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу; ғылымды танымал етуге қатысу және т.б. кіреді.

ҚР ҰҒА жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді.

Еске сала кетейік, биылғы 1 маусымда Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе бере отырып, Академияның рөлін арттыруды тапсырған болатын.

Добавить комментарий