Беларусьте үшінші ай қатарынан ел экономикасында дефляция процесі байқалып отыр.
Бұл туралы сенбі күні республика премьер-министрі Роман Головченко жергілікті «Беларусь-1» телеарнасының эфирінде мәлімдеді.
Головченко қазан айында елдегі инфляция деңгейі минус 1%, ал қарашада минус 1,1% болғанын еске салды.
Премьер-Министр атап өткендей, «осыған дейін жылдық деңгей 17% болған».