Голландиялық депутаттар ИРСК-ті террористік ұйымдар тізіміне енгізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлады жұма күні NRC басылымы.
Голландия парламенті Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК, Иран Қарулы Күштерінің элиталық бөлімдері) террористік ұйымдар тізіміне енгізбек.
Басылымның мәліметінше, парламентшілердің көпшілігі бейсенбі күні өткен дауыс беру барысында тиісті ұсынысты қолдаған. Бұл мәселе бойынша шешімді Нидерланд үкіметі қабылдауы тиіс.
Осы айдың басында ЕО «жазықсыз адамдарды өлім жазасына кескені үшін және азаптағаны үшін» ИРСК-ке санкциялар салған болатын. Бұған дейін ЕО билігі ислам революциясының күзетшілерін террористік тізімге енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын. АҚШ 2019 жылы ИРСКТ-ті террористік тізімге енгізген.