АҚШ президенті Джо Байден сәрсенбі күні Украинаға қару-жарақ пен қорғаныс қызметіне және украиналық әскерилерді даярлау үшін бір миллиард доллар бөлу туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады.
Бұған дейін Ақ үйдің өкілі АҚШ президенті Джо Байден Украинаға шамамен 2 миллиард доллар көлемінде қауіпсіздік саласында маңызды көмектің жаңа пакетін жариялайтынын, ол Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің батареясын қамтитынын айтқан.
Осылайша, Құрама Штаттардың Украинаға жалпы әскери көмегі 21 миллиард доллардан асып түседі.
Еске сала кетейік, 21 желтоқсанда таңертең Украина Президенті кеңсесі Зеленскийдің Құрама Штаттарға сапарын ресми түрде растады. АҚШ президенті Джо Байден Зеленскийді Киев уақытымен сағат 21:00-де Ақ үйде күтіп алады.