Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларына пара бермек болған ресейлік жүргізушілер жауапкершілікке тартылады.
2022 жылдың басынан бері Мәскеуде пара бергені үшін 174 жүргізуші ұсталды
Мәскеудің Мемавтоинспекциясы жыл басынан бері елорданың жол полициясы қызметкерлеріне пара бергені үшін 174 жүргізуші ұсталғанын баяндады. Бұл туралы 15 желтоқсанда инспекторлар ресми Telegram-арнасында хабарлады.
Ведомстводағылар атап өткендей, 147 азаматқа қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 291 бабы «Пара беру» бойынша қылмыстық іс қозғалды, қалған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
6 желтоқсанда елордалық Мемавтоинспекция 2022 жылдың басынан бері балаларды автомобильмен тасымалдау ережелерін бұзудың 65 мыңға жуық жағдайдың жолын кесті. Осы ережелерді бұзғаны үшін РФ ӘҚБтК 12.23-бабының 3-бөлігіне сәйкес 3 мың рубль, лауазымды тұлғалар үшін — 25 мың рубль, ал заңды тұлғалар үшін — 100 мың рубль мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Мәскеу жол полициясы 12 жастан асқан балалар штаттық қауіпсіздік белдігін тағып, машинада алдыңғы немесе артқы орындықта отыра алатынын атап өтті.