Мәскеу облысында «Стройпарк» сауда орталығы өртенді

Мәскеу облысында өрт сөндірушілер «Стройпарк» ірі құрылыс сауда орталығында шыққан өртті ауыздықтады. Бұл туралы РФ шұғыл қызметтері хабарлады.

Нақтыланғандай, әуелі ашық алаңдағы құрылыс материалдары жанып кеткен, одан кейін қызыл жалын сауда орталығының бірінші қабатын шарпыды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Өртке дәрежелі қауіптілік деңгейі берілді.

Өрт сөндіруге 45 өрт сөндіруші мен 14 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккен — сауда орталығының қызметкері туралы хабарланды.

«Барлық қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды. Қазіргі уақытта арнайы қызмет күштері өртті сөндіріп жатыр», — деді сауда орталығы орналасқан Балашиха қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі журналисттерге.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, Саввино ықшамауданында қызыл жалын мен жатқан құрылыс материалдарының қара түтіні байқалады.

Добавить комментарий