2022 жылы Қазақстанның алтын-валюта қоры жарты миллиард АҚШ долларына қысқарды.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.
«2022 жылы алтын бағасының төмендеуі, мемлекеттік қарыздың төленуі, сондай-ақ 2022 жылдың бірінші тоқсанында валюталық интервенциялар жүргізілуіне байланысты $467 млн-ға төмендеді», — деді Пірматов дүйсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, 2022 жылдың 1 желтоқсанында жалпы халықаралық резервтер $89,7 млрд құрады.
Ұлттық қордың активтері $55,8 млрд-қа дейін өсті, ал жылдық көрсеткіште кірістілік 3,08% болды, деп қосты Пірматов.