Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжауда

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз болатынын айтып берді.

Қазақстан аумағы антициклонның ықпалында болады. Осыған айланысты ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі болжанады.

Еліміздің солтүстігінде түнде ауа температурасы 23-31 градусқа, күндіз 15-28 градусқа дейін төмендейді.

Орталық өңірлерде түнде ауа температурасы 18-33 градусқа, күндіз 13-23 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста түнде минус 25-34 дейін, күндіз нөлден 20-30 градусқа дейін төмен болады.

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5 аяз — 5 жылыға дейін төмендейді,

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күрт өзгерістер күтілмейді, түнгі ауа температурасы 2-15 аязды құрайды, күндіз 7 аяз — 3 жылыға дейін аздаған жоғарылайды.

Добавить комментарий