Қазақстанда теңге АҚШ долларына қатысты 1,34 теңгеге нығайды. 2022 жылғы 8 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 472,17 теңге болды.
Қазақстан қор биржасы хабарлағандай, 2022 жылғы 8 желтоқсанда доллар бағамы 472, 17 теңге болды.
Бір тәулікте доллар 1,34 теңгеге арзандады. АҚШ валютасы бір айда 7,98 теңгеге қымбаттаған.
Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды 472-472,5 теңгеден сатып алады, 476-476,5 теңгеден сатады.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 77,7 доллар.