Қытай АЭС үшін қазақстандық ядролық отынның алғашқы партиясы жеткізілді
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауытынан (Қазақстан — Қытай бірлескен кәсіпорны) Қытайға AFA 3G ТМ дизайнындағы жаңа ядролық отын – жылу бөлетін құрамалардың (ЖБҚ) бірінші партиясы жеткізілді», — делінген «Қазатомөнеркәсіп» хабарламасында.
Бір қайта жүктеу көлеміндегі (30 тоннадан астам төмен байытылған уран) ЖБҚ орналастырылған 34 көліктік-орау контейнерлері бар теміржол платформалары мамандандырылған күзетпен бірге Қытайдағы атом электр станциясына жеткізіліп, түпкі тұтынушы – Қытайдың CGNPC-URC ядролық корпорациясы қабылдап алды.
ЖБҚ өндірісінде Үлбі металлургия зауытында қайта өңделген Қазақстанда өндірілген уран шикізаты пайдаланылады.
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауыты 2021 жылдың қараша айында Framatome француз компаниясының AFA 3G дизайнындағы ЖБҚ өндіру технологиясының иесі тарапынан сертификаттаудан өткеннен кейін және өнімнің түпкілікті тұтынушысы – CGNPC-URC Қытай ядролық корпорациясы тарапынан сертификатталған ядролық отын жеткізушісі ретінде танылғаннан кейін іске қосылды. Бұл атом электр станциялары үшін ядролық отын шығару бойынша Қазақстан Республикасындағы жалғыз өндіріс және 20 жыл бұрын кепілді өткізу нарығы бар. Зауыттың қуаты – төмен байытылған уранға есептегенде жылына 200 тонна.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ инновациялық өндірісінің іске қосылуы Қазақстанға атом станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі шеңберіне кіруге мүмкіндік беріп, Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту және осы бағыттағы басқа елдермен ынтымақтастық перспективалары бойынша жаңа мүмкіндіктер ашты.
Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші.
Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС – Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны, құрылтайшылары – 51% үлесі бар «ҮМЗ» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес компаниясы) және 49% үлесі бар CGNPC-URC (China General Nuclear Power Corporation еншілес компаниясы).