«Nur Otan» партиясы Құқықтық кеңесінің төрағасы болып Қанат Мусин тағайындалды

Саяси кеңес Бюросының шешімімен партияның Құқықтық кеңесінің төрағасы, «Nur Otan» фракциясының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин тағайындалды.

Партия басшылығының атынан ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары болып сайланған алдыңғы Құқықтық кеңес төрағасы Нұрлан Әбдіровке алғысымды білдіремін, деп жазды Twitter парақшасында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Мусин 1966 жылы 7 ақпанда Астанада дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

· Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
«Заңгер» мамандығы
· Аға әділет кеңесшісі

Еңбек өтілі:

· Сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, Целиноград қаласы Ленин ауданы халық сотының мұрағатшысы (1984-1986);
· «Целиноградоблгазтоп» ӨБ аға заң кеңесшісі (1986-1989);
· Ақмола облысы Астана қаласы прокурорының орынбасары (1989-1998);
· Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары (1998-2001);
· Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары (2001-2007);
— Бас сарапшы, бас инспектор, Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (2007-2010);
· Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары (2010-2012);
· Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы (2012-2016).

Сайланған лауазымдар, депутаттық:

· «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат(03.02.2016), «Нұр Отан» партиясынан VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап).

Добавить комментарий