Кремль шекті бағаның енгізілуіне байланысты қарымта жауап дайындауда

Кремль Ресей мұнайға шекті баға енгізуге және оны тасымалдауға шектеу қойылуына байланысты қарымта жауап беретінін айтты.

Бұл туралы дүйсенбі күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

«Шешім (РФ тарапынан қарымта шаралар туралы. — Ред.) дайындалып жатыр. Біз ешқандай «шекті» бағаны мойындамаймыз», — деді Песков дүйсенбі күні журналистерге.

Одан әлем жұртшылығы мұнай бағасының ықтимал қымбаттауына дайындалу керек пе деп сұрады.

«Жағдай өзгереді (бағаға қатысты жағдай. Ред.). Бұл шешімдерді қабылдау — әлемдік энергетикалық нарықтарды тұрақсыздандыру бағытындағы қадам екені айқын әрі даусыз болып табылады», — деп мәлімдеді Кремль өкілі.

Өткен аптаның соңында G7 елдері РФ-дан теңіз арқылы экспортталатын мұнайдың шекті бағасын барреліне $60 деңгейінде белгілеуге келіскенін жариялады.

Сонымен қатар, 5 желтоқсанда ЕО Кеңесінің Ресей мұнайы бағасына лимит енгізі және үшінші елдерге Ресей мұнайын теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салу туралы шешімі күшіне енді.

Добавить комментарий