Түркия билігі Украинадағы қақтығысты бейбіт келіссөздер арқылы шешу мүмкін деп есептейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы бейсенбі күні Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу ЕҚЫҰ елдерінің дипломатиялық ведомстволары басшыларының кездесуінде мәлімдеді.
«Дипломатияға мүмкіндік берілсе, қақтығысты келіссөздер арқылы шешсе болады. Әрине, бұл Украина үшін әділ бейбітшілік болуы керек», — деп санайды Түркия СІМ басшысы.
Чавушоглудың пікірінше, Түркия «ЕҚЫҰ-ға белсенді қолдау көрсетуді жалғастырады, өйткені мұндай басқа инклюзивті платформа жоқ». Ол сондай-ақ Анкараның ЕҚЫҰ-ның барлық мүшелері арасында консенсусқа қол жеткізу жөніндегі бастамаларын қолдап отырағн польшалық әріптестеріне алғыс айтты.
Бейсенбі күні Лодзиде ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 29-шы отырысы басталды. Польша СІМ сыртқы істер министр Сергей Лавров жетекшілігімен ресейлік делегацияның республикаға кіруіне рұқсат бермеді. РФ СІМ бұл шешімді бұрын-соңды болмаған және арандатушылық, ұйым төрағасы мәртебесіне сай емес деп атады.