Британия СІМ басшысы жаңа көмек пакетін жариялады

Украинаға алғаш рет келген Британия СІМ басшысы Украинаға жаңа көмек пакетін беретінін жариялады.

Ол Украинаға инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін миллиондаған фунт және 35 арнайы көлік берілетінін атап өтті.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу үшін алғаш рет Киевке келіп, мемлекетке жаңа қолдау пакеті берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы BBC хабарлады.

Клеверли Ұлыбритания Украинаға 24 жедел жәрдем көлігін, 11 жедел жәрдем көлігін, оның ішінде алты броньдалған көлік жіберетінін жариялады.

Сондай-ақ, аталған көмек пакеті инфрақұрылымды, атап айтқанда, мектептер мен баспаналарды қалпына келтіруге көмектесу үшін 3 млн фунт стерлинг көлемінде қаржыландыруды қамтиды. Сонымен қатар, бұл қаражат ресейлік әскерилер тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған бейбіт тұрғындарды қолдау үшін жұмсалады.

Британдық министр Ұлыбритания «Украинамен бірге болатынын», ал Ресейдің шабуылы «сәтсіздікке ұшырайды» деп мәлімдеді.

Бұған дейін, 19 қарашада Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке алғаш рет келіп, мемлекетке 50 млн фунт болатын әскери қолдаудың жаңа пакетін беретінін мәлімдеген.

Добавить комментарий