Алматылық комик әйелдер туралы айтқан әзілі ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Сот процесінің қорытындысы бойынша стендапер Анди Топалидисті қамауға алу туралы қаулы шығарылды.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің басшысы Абай Жарылқасынның айтуынша, аталған істің материалдары әкімшілік-құқықтық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотта қаралды.
«Аталған іс бойынша материал ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша келіп түсті. Комик кінәлі деп танылды. Ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Анди Топалидистің әйелдерді қорлап айтқан видеосы кең тараған. Желі қолданушылары стендапердің сөзін сынға алды. Содан кейін полиция тексеріс бастады.