Ажар Ғиният қазақстандықтарды COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды

Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы вакцина қалғанын айтып, азаматтарды вакцинала алуға шақырды.

Ол COVID-19 вирусы көбірек тарауына байланысты қайта вакцинациялау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, қазір коронавирусқа қарсы 500 мың доза вакцина бар.

«Олар — QazVac және Sinopharm вакциналары. Қазір құжаттарға қол қойып жатырмыз. Бізге гуманитарлық көмек — Pfizer вакциналары келіп жатыр. Келесі аптада Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін жариялаймыз. Олар вакцинация алғысы келетін халықтың барлық санатына арналған. Коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина болады», — деді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, жаппай егу жүргізілмейтіндіктен, ревакцинация негізінен бустерлік дозалармен жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий