Асқар Мамин: Дәстүрлі оқу форматына қайта оралу мүмкіндігі қарастырылуда

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин елімізде бұрынғы оқыту жүйесіне қайта оралу мәселесі белсенді түрде қаралып жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдар кезең-кезеңмен жеңілдету және күндізгі оқытудың дәстүрлі формасына қайта оралу мәселелерін пысықтауда», — деп жазды Ақар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында. Ол оқу жылына дайындық мәселелерін жан-жақты талдау, өоғаммен кеңінен талқылау қорытындылары бойынша, сондай-ақ әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі оқытудың әртүрлі форматтарын (қашықтықтан, штаттан және құрамдастырылған) пайдалану туралы шешім қабылдағанын еске салды. «Бүгінгі таңда 3,4 млн бала мектептерде оқиды (оның ішінде 2 613 428 — қашықтық режимінде, 252 343 — штаттық оқыту режимі бар мектептерде, 546 776 — кезекші сыныптарда). Ата-аналар қоғамдастығымен қашықтықтан оқыту форматын түсіндіру бойынша қосымша жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 20 тамыз бен 17 қыркүйекте жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы, 21 тамызда жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Оқу процесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн Денсаулық сақтау министрлiгi Санитарлық ережелердi әзiрлеп, бекiткен 1. Ережеде оқытудың барлық нысандарын ескере отырып, білім беру нысандарына қойылатын талаптар баяндалған», — деп атап өтті Премьер-Министр. Оның айтуынша, Ережені әзірлеу кезінде ДДСҰ-ның қашықтық қағидатын сақтау, оқушылар мен педагогтардың күнделікті термометриясынан өту, санитайзерлерді орнату және т.б. ұсыныстары ескерілді. Қашықтықтан оқытуды енгiзу, сондай-ақ көптеген аймақтарда мектептердiң тым тығыздалуы жоғары болуына байланысты. «ДДҰ мәліметінше, 12 және одан үлкен жастағы балалар коронавирустық инфекцияны таратуда белсенді рөл атқарады. 2020 жылғы 4 қазандағы жағдай бойынша оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 136 жағдайы тіркелді, оның ішінде 51-і кезекші бастауыш сыныптарда және 85-і қашықтықтан білім алушылар қатарында. Бұдан басқа, ағымдағы жағдайларда күтілетін жіті респираторлық инфекция аясында ұйымдастырылған жабық ұжымдардың қалыптасуы коронавирустық инфекцияның берілуіне жоғары тәуекел туғызатынын, бұл оның білім алушылар, педагогтар мен ата-аналар арасында тез таралуына әкеп соғатынын атап өткен жөн. Бүгінде бірқатар шет елдерде (Германия, Ресей, Англия, Польша, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Үндістан) коронавирустың тез таралуына байланысты күндізгі оқу кезінде мектептер карантинге жабылады», — деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Добавить комментарий