Польша билігі G20-да Ресейді алмастыруды ұсынды. Атап айтқанда, Мәдениет және ұлттық мұра министрі Ярослав Селлин Польша РФ-ны «Жиырмалық тобында» (G20) алмастыруы керек екенін мәлімдеді.
«G20 экономикалық және саяси маңызды 20 мемлекет болу керек деп ойластырылған болса, онда жағдай осылайша қалыптасты деп есептеймін. Экономикалық рейтингте Польша әлемде шамамен 20-шы орында, ал Польшаның геосаяси маңыздылығы Украинаға көрсетілген көмектің арқасында едәуір өсті», — деді ол «Польша радиосы» эфирінде..
Ол сондай-ақ Ресейді террористік мемлекет деп тану керектігін атап өтті. Сонда ғана Ресейді G20 немесе ЕҚЫҰ отырысына шақыру керек пе, жоқ па деген мәселе туындамайды.
Бірнеше күн бұрын елдің Сыртқы істер министрлігі Польша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының отырысына қатысуға тиіс болған Ресей делегациясының мүшелеріне виза беруден бас тартқанын хабарлады. Кездесу 24-26 қараша аралығында Варшавада өтеді.
Соңғы апталарда Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымға зымыран соққылары жиілеп кеткеніне байланысты Украина РФ-ны «Жиырмалық тобынан» шығарып жіберкге шақырыды.
Украина президентінің кеңсесі Ресейдің Украинаға қарсы зымыран террорына жауап ретінде халықаралық қоғамдастық одан да қатаң шара қабылдауы керек, атап айтқанда, РФ G20-дан шығарылуы тиіс деп мәлімдеді.