Саяси технологтар ресейліктерді соғысқа қатысуға қалай жігерлендіріп жатқанын айтты

Украинадағы Ресей әскері бастаған соғыс қимылдары сегіз айдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Қазіргі таңда ұрыс қимылдарының аяқталатын түрі жоқ. «Ресейдің әскери-саяси басшылығына сарбаздарға бөтен елде не үшін жанын қиып, соғысып жатқанын түсіндіру қиынға соғуда. Оның үстіне мұны күштеп алып кетіп, соғыс алаңына жіберген мобилизацияландарға түсіндіру қиын», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Украина барлау қызметінің өкілдері анонимді түрде Ресейде әскери-патриоттық әдебиет шығарылып жатқанын, ол ел азаматтарының рухын көтеруге және соғысқа қатысуға жігерлендіуге бағытталғанын айтты. «Дегенмен, РФ Қорғаныс министрлігі ер адамдарды ынталандырудың жолын табуда. Осындай тәсілдердің бірі әдебиет, атап айтқанда Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық басылымы болып табылатын «Вестник вообразования» ғылыми-әдістемелік журналының сайтында жарық көрген «Живу, Сражаюсь, Побеждаю» атты жаңа жинақ. «Живу, Сражаюсь, Побеждаю» жинағы арнайы әскери операцияға қатысып жатқандарға арнап шығарылған», — дейді олар.

Аталған жинақта Ресейдің Украинада не үшін соғыс жүргізіп жатқаны туралы идеологиялық аспектілер баяндалады, сондай-ақ соғыс алаңында қалай аман қалу керектігі туралы тәжірибелік кеңестер берілген.

Фото: РФ Қорғаныс министрлігі ер азаматтарды ынталандырудың жолдарын табуда, осындай тәсілдердің бірі әдебиет

Сарапшылар сипатталып отырған басылымның қалай жігерлендіріп отырғанын айтты. «Бірінші кезекте идеологияға тоқталған жөн. Аталған жинақта Ресей Ұлы Отан соғысы кезінде басталған нацизмге қарсы күресті жалғастырып жатқаны айтылған. Батыс елдері РФ-ның неміс-фашист басқыншыларына қарсы күрестегі жеңісі үшін кек алуды жоспарлап отырғаны аталып өткен. Мысал ретінде Германия, Польша, Чехия, Хорватия, Италия, Норвегия, Дания, Жапония сияқты елдер келтірілген. Айта кету керек, мысалға келтірілген мемлекеттердің жартысы антигитлерлік коалицияда болған», — деп жазады олар.

Басылымда Украина билігі Израиль, АҚШ, Ұлыбритания азаматтарынан тұратын әлемдік олигархаттың қолында екені, олар Украина халқын жойып, құл қылып жатқаны айтылған. Олардың ойынша, Кремль «арнайы әскери операцияны» жүзеге асырмағанда, ресейліктер де осындай жағдай дұшар болуы мүмкін еді.

Украиналық сарапшылар басылымға түсініктеме бере отырып, бірқатар қайшылықтар табылғанын мәлімдеді. «Қарапайым ресейлік келесі сұрақты қойса — Украинаға не үшін барамын деген? Оған РФ Қорғаныс министрлігінің аталған бейінді ғылыми журналы ұсынылады», — деп жазады олар.

Сонымен қатар, басылымның мәтінін саралаған мамандар осы журналдарда айтылған пікірді қолдайтындар соғыс алаңында жер жастанатынын мәлімдеді.

«Ресейлік ер азаматтар бұдан әрі де осындай әдебиеттің және пропаганданың жетегімен жүрсе, соғыс алаңында қырылған және жарақаттанған ресейліктердің саны қарқынды артады. Путин өзінің империялық амбицияларын қанағаттандыру үшін соғыс ашты», — дейді сарапшылар.

Саяси технологтар Украина Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып, «қазірдің өзінде 80000-ден астам ресейлік сарбаз қаза тапты» деп мәлімдейді. АҚШ өкілдері Ресей негізгі жауынгерлік танктерінің жартысынан айырылған болуы мүмкін екенін және осы деректердің негізінде Кремль стратегиялық сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді. Украина Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный украиналық қорғаушылар кең ауқымды соғыс басталғалы бірнеше айдың ішінде Кеңес одағы Ауғанстанда 10 жылға созылған соғыста айырылған ұшақтарын екі есе көп ресейлік ұшақтарды жойғанын хабарлады.

Добавить комментарий