Қазанның онында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.
Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Дауыл ықтималдығы 70-75%.
Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Дауыл ықтималдығы 85-90%.
Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. Шымкентте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Түркістанда күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Түнде 1-3 градус үсік болады. Дауыл ықтималдығы 90-95%.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. Солтүстік-шығыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Дауыл ықтималдығы 95-100%.