Польшада кейбір әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін күшейту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді

Польша ел аумағындағы бірқатар әскери бөлімдердің және күш құрылымдарының жекелеген бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін күшейтті.

Мұндай шешім Украинамен шекарадағы ел аумағында зымырандардың құлағаны туралы хабарламалар аясында қабылданды.

Бұл туралы журналистерге Польша үкіметінің баспасөз хатшысы Петр Мюллер хабарлады.

«Туындаған жағдайға байланысты осындай жағдайда көзделген рәсімдер енгізілді, оның ішінде Польша аумағында кейбір әскери құрамалардың жауынгерлік әзірлігін арттыру және басқа да күш құрылымдарының кейбір бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру туралы шешім қабылданды», — деп атап өтті ол.

Бұған дейін польшалық ZET радиосы Польша мен Украинаның шекарасында Люблин воеводствосынлағы Пшеводуве қаласында екі зымыран құлап, екі адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, АҚШ билігі Украинамен арадағы шекара маңында Польша аумағында астық кептіргішке ықтимал зымыран құлағаны туралы ақпарат жинау үшін Польша басшылығымен және НАТО серіктестерімен жұмыс істеп жатыр.

Добавить комментарий