Қазақстан БҰҰ-да Ресейдің Украинаға репатриация төлеуіне қатысты қарар қабылдау мәселесі бойынша дауыс беруден қалыс қалғандардың қатарында болды.
Еске сала кетейік! Құжатты 94 ел жақтап дауыс берді, 14 ел қарсы болды, 73 ел қалыс қалды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясына қатысушылар Ресей Украинаға келтірген залалдың халықаралық тізілімін құру, сондай-ақ шығындардың орнын толтыру механизмін құру қажеттігін мойындайтын қарар қабылдады.
БҰҰ-ның РФ-ға қатысты қарарына қарсы дауыс берген елдер
Ресей, Беларусь, Зимбабве, Иран, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Мали, Никарагуа, Сирия, Багам аралдары достастығы, Орталық Африка Республикасы, Эритрея және Эфиопия құжатқа қарсы дауыс берді.
Бірнеше ел дауыс беруден қалыс қалды
Посткеңестік кеңістіктегі елдерден Қазақстаннан басқа Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қалыс қалды.
Украинаға репарация төлеу туралы қарарды қабылдауға қандай елдер қолдап дауыс берді
Грузия, Латвия, Литва, Молдавия, Украина және Эстония қарарды қолдады. Сондай-ақ, құжатқа Венгрия мен Түркия қолдап дауыс берді.
Индонезия, Сауд Арабиясы және Сербия қалыс қалды, ал Әзірбайжан және Түркменстан дауыс беруге қатысудан бас тартты.
Канада, Гватемала, Нидерланд және Украина Бас ассамблеяға мүше мемлекеттерге Украинаға келтірілген шығындар мен залалдар туралы шағымдар және деректерді тіркейтін «халықаралық тізілім» жүргізуді ұсынатын құжаттың тең авторлары болды