Әскери сарапшылар РФ-да қару-жарақ тапшы деп мәлімдеді

Батыстық экономистер соғыс салдарына Ресей әлемнен барған сайын оқшауланып бара жатқанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, Ресей экономикасы дағдарысқа ұшырап отыр: жұмыссыздық, банктердің негізгі қызметіне енгізілген шектеулер. «Ресей президенті дағдарыс осыншалықты ауыр болады деп күтпегені анық», — деп жазады олар.

Соғыс басталғаы сегіз айдың ішінде Ресей президенті, британдық барлау қызметінің хабарлауынша, алға қойған бірде-бір әскери-стратегиялық мақсатына қол жеткізбеді. «Қазіргі таңда Кремльдің басты проблемаларының бірі Ресей армиясының ресурстары сарқылуда», — деп жазады украиналық сарапшылар.

Осыдан екі ай бұрын көптеген аналитиктер мен сарапшылар жыл соңына дейін РФ-да снарядтар, артиллерия және бронетехникасі бітеді деп болжаған. «Британдық барлау қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда РФ Иран мен Солтүстік Корея сияқты қатаң санкцияларға ұшыраған мемлекеттерден қару-жарақ сатып алуда. Сарапшылардың айтуынша, Ресейдің осындай елдерден қару сатып алуы Кремльдің басқа амалы қалмағанын көрсетеді. Қару-жарақтың жетіспеушілігі тек қарқынды жауынгерлік іс-қимылдармен ғана емес, сондай-ақ санкциялармен және елдің өркениетті әлемнен оқшаулаулануына байланысты. Ресейлік қорғаныс өнеркәсібі заманауи оқ-дәрілерді жоғары қарқынмен өндіре алмйтыны сөзсіз», — деп жазады украиналық мамандар.

Ашық ақпарат көздерінен хабарлағандай, Иран РФ-ға жауынгерлік ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды жеткізіп жатыр. Иран Ресейге жауынгерлік дрондарға қосымша «жер-жер» класты зымырандарды беруге уәде бергені туралы жаңа ақпарат пайда болды. «Өз кезегінде америкалық барлау қызметінің мәлімеі бойынша Ресей Солтүстік Кореядан миллиондаған артиллериялық снарядтар мен қысқа қашықтықтағы зымырандарды сатып алып жатыр», — деп жазады украиналық сарапшылар.

Батыстық БАҚ РФ қару-жарақты тек жоғарыда аталған мемлекеттерден ғана сатып алып жатқан жоқ деп хабарлады. Украина тарапы Беларусь ұрыс қимылдары кезінде зақымдалған ресейлік техниканы жөндеп қана қоймай, ресейлік басқыншыларға танктер мен басқа да қару-жарақтар жеткізді деп мәлімдейді.Түрлі дереккөздердің айтуынша, Беларусьтің қорғаныс өнеркәсібі кешені Ресей армиясына кем дегенде 60 танк және кем дегенде 28 «Урал» жүк көлігін жеткізген.

«Бұл нағыз аман қалу соғысы. Кімнің ресурстары көп болса, сол соғыста жеңіске жетеді», — деп жазады украиналық сарапшылар. Украинаны 40-тан астам елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешендері қару-жарақпен, оқ-дәрілермен, әскери техникамен қолдайды. Ал РФ-ға бірнеше ел ғана көмектесіп жатыр.

«Бұл дегеніміз Ресей әскері ұрыс алаңында орасан зор шығынға ұшырай береді», — деп жазады украиналық әскери сарапшылар.

 

Добавить комментарий