Мобилизацияланған ресейлік әскери қызметшілер Украина аумағындағы соғыс алаңына жіберілді. РФ президенті Владимир Путиннің хабарлауынша, олардың көпшілігі әлі де РФ аумағында әскери дайындықтан өтіп жатыр, бірақ қазірдің өзінде соғыс қимылдары жүргіп жатқан аймақтарға 49 мың әскер аттанды.
«300 мың адам мобилизацияланды. Бізде — 318 мың адам бар. Неге 318? Өйткені еріктілер қосылды. Бұл еріктілердің саны — ол қысқармауда. Олардың қырық тоғыз мыңы әскер қатарында, жауынгерлік міндеттерін атқаруда. Қалғандары әзірге дайындықтан өтіп жатыр», — деді Путин Халық бірлігі күні жастар мен еріктілер ұйымдарының қатысушыларымен өткен кездесу барысында.
Бұған дейін қорғаныс министрі Сергей Шойгу ішінара мобилизация аясында 300 мыңнан астам адам әскерге шақырылғанын, арнайы әскери операция міндеттері орындалып жатқан ұрыс алаңына 87 мың адам жіберілгенін хабарлады.
Ол мобилизацияланғандармен жұмыс істеуге АӘО барысында жауынгерлік тәжірибе жинаған үш мыңға жуық нұсқаушы тартылғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Шойгу әскерге шақыру науқаны аясында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқандар арнайы әскери операцияға жіберілмейтінін еске салды.