Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігі Ресей Федерациясын ұлттық мереке – Ұлттық бірлік күнімен құттықтады. Құттықтау жолдауда Мәскеу Астана үшін ең маңызды стратегиялық серіктес және сенімді одақтас болып қала беретіні айтылған.
«Ресей Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес, тату көрші әрі сенімді серіктес. Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынаста сенім ең жоғары деңгейде және жыл сайын жаңа процестер мен нақты істермен толығып отыр», — делінген құттықтауда.
Елшілік сондай-ақ ресейліктерге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік тіледі.
Анықтама үшін! 4 қарашада Ресейде 2005 жылдан бастап жыл сайын Халық бірлігі күні аталып өтеді. Осы күні халық жасағы 1612 жылы Мәскеуді поляктардан азат еткен. 2004 жылғы 29 желтоқсанда «Ресейдің әскери даңқы мен атаулы күндері туралы» федералдық заңға түзетулер қабылданғаннан кейін ол әскери даңқ күні ресми мәртебесі берілді. Сол күні демалыс болады.