АҚШ жүргізілген тергеу нәтижесінде одақтас елдер жеткізген қару-жарақтарды Украина аумағынан әкету белгілері табылмағанын айтты.
Пентагон жіберген мамандар бірнеше ай бойы Батыс елдері Украинаға жіберген қару-жарақтың жеткізілімін тексеріп жатыр.
АҚШ шенеуніктері оның басқа мақсатта пайдаланып жатқаны туралы ешқандай белгі таппады.
Бұл туралы Пентагон өкілі, бригада генералы Патрик Райдер мәлімдеді, деп жазады AFR басылымы.
«Киевтегі АҚШ Елшілігінің Қорғаныс Атташесі кеңсесінің қызметкерлерінен құралған шағын топ соңғы бірнеше айда Украинаның әртүрлі жерлеріне жолданған АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы көмегінің жеткізіліміне бірнеше рет аудит жүргізді. Бізде АҚШ-тың Украинаға көрсеткен көмегін басқа мақсатта қолданып жатқанына ешқандай дәлел жоқ», — деді Райдер.
Оның айтуынша, Украина шекаралық логистикалық орталықтардан соғыс алаңына дейін Батыстың әскери көмегін қадағалайды, сондай-ақ алынған қару-жарақтың жоғалғаны және бүлінгені туралы есеп береді.
Еске салайық! Финляндияның Yle басылымы полицейлер қылмыскерлер үшін Украинадан Финляндияға жеткізілген қару-жарақ туралы барлау мәліметтеріне негізделген ақпарат барын хабарлады.