Соғысты зерттеу институтының (ISW) мамандары ресейлік бизнесмен және «ЖӘК Вагнердің» негізін қалаушы Евгений Пригожин Ресейде жаңа саяси күшке айналуы мүмкін деп санайды.
Олар Пригожиннің ресейлік олигархтарға қатысты ашық түрде сынға алуына байланысты осындай қорытындыға келді.
Пригожин 31 қазанда Санкт-Петербургте «Вагнер» ЖӘК орталығын құрылатынын жариялады.
Соғысты зерттеу институты сарапшыларының айтуынша, Пригожин өз саяси партиясын құруы мүмкін немесе «Вагнердегі» мәртебесі мен қатыстылығын пайдаланып, элиталық ортадағы қарсыластарын сынға алып, өз беделін институционалдандыру үшін саяси күшке айналуы мүмкін.
Сонымен бірге, ISW 31 қазанда Ресей әскерилері бүкіл ел бойынша Украинаның маңызды инфрақұрылымына қарсы зымырандық шабуылдардың кезекті толқынын бастағанын еске салады, бұл күн суытқанда Украинаның соғысуға деген ерік-жігерін әлсіретуге бағытталған әрекет болуы мүмкін.
Ресей әскерлері Украинаның маңызды энергетикалық инфрақұрылымын нысанаға алып, Каспий теңізінің солтүстік бөлігі мен Ростов облысы Волгодонск ауданынан 50-ден астам Х-101 және Х-555 зымырандарын жіберді.