31 қазанда Украина порттарынан астық тиелген 12 кеме шықты

Украиналық басылымдар хабарлағандай, 2022 жылғы 31 қазанда Үлкен Одесса порттарынан Африка, Азия және Еуропа елдеріне украиналық астық тиелген 12 теңіз кемесі шықты.

Бұл туралы Инфрақұрылым министрлігі дүйсенбі күні таңертең хабарлады.

Аталмыш кемелердің ішінде Эфиопияға аттанатын Ikaria Angel кемесіне бидай тиелген. Бұл БҰҰ аясында Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы шеңберінде аттанған жетінші кеме.

БҰҰ мен Түркия өкілдері Ресей делегациясымен келіссөздер жүргізіп, астық келісімін толыққанды жүзеге асырудың жолдарын іздестіруде.

«Біріккен Үйлестіру орталығының (БҮО) ұсынысына сәйкес БҰҰ мен Түркия өкілдері 40 кемені тексеру үшін 10 инспекциялық топтың жұмысын қарастырады. Мұндай ұсынысты Украина өкілдері қабылдады. РФ өкілдеріне хабар берілді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ресей өкілдерін қоса алғанда, барлық тараптардың қатысуымен БҮО инспекциясынан өткен төрт кемеге астық тиеу үшін украиналық порттарға өтуге рұқсат берілді.

Добавить комментарий