Тайвань Путиннің арал мәртебесі туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді

Тайвандағы Қытай Республикасының СІМ өз елін егеменді деп санайтынын, сондықтан Ресей президенті Владимир Путиннің аралдың мәртебесі туралы айтқан сөзіне «наразылық» білдіретінін мәлімдеді.

Бұл туралы 28 қазан, жұма күні ведомствоның сайтында хабарланды.

Кеше Ресей президенті «Валдай» халықаралық дисскусиялық клубының пленарлық сессиясында Ресей Тайваньды ҚХР-дың ажырамас бөлігі деп санайтынын, ал АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің аралға сапары арандатушылықтың «әжесі» деп атады.

«Қытай коммунистік режимі Тайванды бір күн болсын басқармады және Тайваньға билігі жоқ. Тайванның болашағын 23,5 миллион халқы шешуі тиіс және Тайвань үкіметі мен халқы Қытайдың тоталитарлық үкіметінің әскери, саяси және экономикалық араласуына жол бермейді», — деп СІМ аталған мәлімдемеге пікір білдірді.

Тайвань Мәскеудің тайвандық мәселені әдейі «халықаралық аудиторияның назарын Украинадағы қақтығыстан басқа жаққа аудару үшін пайдаланып жатыр деп отыр. Тайбэй сондай-ақ Украинаны қолдап, украиналықтарға көмектесуге уәде берді.

АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін ушығып кетті. Саясаткер 2 тамызда Тайбэй әуежайына ұшып келді. Пекин аталған сапарды Қытайдың егемендігін бұзу деп бағалады. Бұған жауап ретінде Вашингтонмен кейбір салалардағы ынтымақтастықты уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Саясаткердің сапарына дейін Қытай өз провинцияларының бірі деп санайтын Тайваньнның маңында әскери оқу-жаттығулар өткізді.

Тайвань мәселесі 1949 жылы құрлықта коммунистік Қытай Халық Республикасы жарияланып, осыған дейін елді басқарған Гоминьдан партиясы Тайваньға қашып кеткеннен бері шешілмеді. 2022 жылы Қытайдың наразылығына қарамастан америкалық делегациялардың аралға ұшып келуіне байланысты аймақтағы жағдай ушығып кетті.

Добавить комментарий