Ұзаққа созылған соғыс қимылдары Ресей Федерациясына өз мақсаттарына қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге мәжбүрледі, деп есептейді батыстық сарапшылар. Бұл әрекеттерді Еуропадағы кейбір елдер терроризм деп сипаттап отыр.
Мәселен, Ресей әскерлері Украинаның Қара теңіз порттарын бұғаттап тастады. Нәтижесінде Украина өз астығын экспорттай алмай қалды. Осының салдарынан украиналық шаруалар мен ел экономикасы зардап шекті. Сондай-ақ, валюталық түсім болмағандықтан, украиналық гривна да зардап шекті. РФ осындай әрекеттермен Украинаға ауыр залал келтірді. Тек Украинада ғана емес, басқа да бірқатар елдерде азық-түлік бағасының өсті. Азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі байқалды.
«Осылайша Мәскеу Украинаға қарсы кең ауқымды соғысы басталғаннан кейін Батыс елдері РФ-ға қарсы салған санкцияларды алып тастауға қол жеткізбек болды», — деп есептейді батыстық сарапшылар.
Сонымен қатар, Ресей қажет болған жағдайда ядролық қаруды қолданатынын мәлімдеді. Ресей Федерациясында соғыс басталғалы 8 айдың ішінде бұл туралы бірнеше мәрте айтқан.
Қазіргі таңда Запорожье атом электр станциясы Ресейдің бақылауында. Бұл көлемі бойынша Еуропадағы ең үлкен және әлемдегі үшінші АЭС. Әскери сарапшылар Ресей өздері ЗАЭС-ті атқылап, оны терроризмнің тағы бір түрі деп атағанын айтады.
Қыс жақындағанда Мәскеу Украинаның инфрақұрылым нысандарына бірқатар ауқымды шабуылдар жасады
10 қазаннан бастап оларға қанатты зымырандармен, «жер-жер» класты зениттік зымырандармен және ирандық «Шахед-136» ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасап жатыр. Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесіне сәйкес, маңызды инфрақұрылымға жасалған шабуылдардың нәтижесінде қазіргі таңда Украина электр станциясының 30%-ы зақымдалды. Ел билігі қалыпты электрмен жабдықтауды қалпына келтіре алмайды және тұрғындардан сумен жабдықтау мен жылу желілерін өшіп қалуы мүмкін екенін айтып, бұған дайын болулы сұрайды.
«Әлемдік қауымдастық РФ-ның энергетикалық лаңкестігіне жауап беруге дайын секілді. Батыстық БАҚ-тардың хабарлауынша, ЕО-да Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакеті бойынша жұмыс жүргізілуде — бұл соғыс қимылдары басталғалы бері тоғызыншысы. Айта кету керек, 6 қазанда Батыс Ресейге қарсы санкциялардың 8 пакетін бекітті», — дейді сарапшылар.
Латвия Сеймі Ресейді терроризмге демеуші мемлекет деп таныды, ал Эстония Ресейді террорлық режим мен терроризмді қолдайтын мемлекет деп айыптады.