ОББ басшысы Зеленскиймен жасырын түрде кездесті

Ашық ақпарат көздерінде ОББ басшысы Уильям Бернс Украинаға жасырын түрде сапармен барғаны туралы материалдар пайда болды.

CNN атап өткендей, аталған сапар АҚШ-тың Ресей ядролық қаруды пайдалануы мүмкін деген алаңдаушылығы аясында жасалды.

ОББ директоры Уильям Бернс қазан айының басында Украинаға сапармен келіп, мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен және басқа да шенеуніктермен кездесті, бұл ретте аталған сапар туралы жарияланбады, деп хабарлайды CNN екі дереккөзге сілтеме жасап.

«Ол (Бернс. – мыс. ред.) АҚШ-тың ресейлік агрессияға қарсы күресте Украинаға қолдау көрсетуге, соның ішінде барлау мәліметтерімен үздіксіз алмасуда бейілділігін растады», — деп атап өтті АҚШ-тың ресми өкілі.

CNN хабарлағандай, Бернс АҚШ-тың Ресей Федерациясының «ауыр өткеріп жатқан соғыста» ядролық қару қолдануы мүмкін деген алаңдаушылығына байланысты сапармен барды.

Сонымен қатар, ОББ басшысы мен басқа да америкалық шенеуніктер Мәскеу мұндай қадамға баруға белсенді дайындалып жатқанын көрмегенін жария түрде мәлімдеді. Дегенмен барлаушылармен таныс дереккөздер бұл РФ Украинаға баса-көктеп кіргеннен бергі ең жоғары деңгейдегі қауіп болуы мүмкін деп ескертті.

Бұған дейін Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің басшысы Бен Уоллес Киевке жасырын келіп, Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резниковпен кездескені белгілі болды.

Добавить комментарий