Украиналықтарды елге оралмауға шақырады

Ирина Верещук қазір шетелде жүрген босқындарға үндеу жасады. Ол украиндықтардан қыста шетелде болуды, көктемге дейін елге оралмауға шақырды.

Реинтеграция министрі Ирина Верещук шетелде жүрген украиндықтарды шабуыл салдарынан мемлекеттің энергетика жүйесі істен шыққандықтан көктемге дейін үйлеріне оралмауға шақырды. Бұл туралы ол жалпыұлттық телемарафон эфирінде мәлімдеді.

«Елге қайтпауларыңызды сұраймын, қыстан аман-есен өтуіміз керек. Өкінішке қарай, желілер төтеп бере алмайды, Ресейдің не істеп жатқанын көріп отырған боларсыздар… Елге қайтудың қажеті жоқ. Мүмкіндіктеріңіз болса, шетелде қалыңыздар», — деп атап өтті Верещук.

Сондай-ақ ол Ресей билігі соғыс алаңындағы жеңілістеріне байланысты Украинаның бейбіт тұрғындарына лаңкестік шабуыл жасап жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін 22 қазан күні таңертең Украинаға жаппай шабуыл жасалған соң Ровно мен Луцк, сондай-ақ Кировоград және Одесса облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандары зақымдары бүлінген.

Добавить комментарий