Петропавл полициясы қаладағы тұрғын үйлердің бірінің терезесінен ер адамның құлау фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
Петропавл полициясы ер адамның терезеден құлау фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», — делінген хабарламада.
Бұл ретте полицияға адам ның терезеден құлағаны туралы хабарланбаған.
Әлеуметтік желіде ер адамның жоғарғы қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлаған сәті түсірілген видео тарап жатыр, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған.