Германия канцлері Олаф Шольц келер жылдың көктеміне қарай ГФР-де 50 мың украиндық әскери даярлықтан өтетінін мәлімдеді.
Неміс үкіметінің басшысы Украинаның толыққанды жауынгерлер бригадасы даярлықтан өтетінін атап өтті.
Бұл туралы ол Бундестагта үкіметтік мәлімдеме жасаған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды DW.
Аталған әскерилер саны толыққанды украиндық бригаданы құрайды.
«Осылайша біз әріптестерімізбен қоян-қолтық қуатты Украина әскерін құруға дайын екенімізді атап өткіміз келеді», — деп атап өтті Шольц.
Сондай-ақ, ол Еуропаның оқу орталықтарында 15 мыңға жуық жауынгерлерді оқыту бойынша бірлескен миссия құру туралы ЕО-ға мүше елдердің шешіміне алға тартты. Шольцтің айтуынша, Германия украиналық әскерилерді даярлайтын екі негізгі орынның біріне айналады.