Атырау облысында браконьерлерден 300 келіге жуық бекіре тәркіленді

Атырау облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар кезінде 300 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді.

Операцияға ҰҚҚК арнайы жасағының қызметкерлері қатысты.

Заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балықтарын қала ішінде сатпақ болған әкесі мен ұлы ұсталды.

Белгілі болғандай, басқаруындағы Нива автокөлігін тоқтатып6 тінту кезінде күдіктілердің үйінің жанында, сондай-ақ мекенжайынан 300 келіге жуық бекіре балығы табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Добавить комментарий