«Қазгидромет» 2022 жылғы 18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және елдің орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде тұман түседі, кей жерлерде жел күшейеді .
Оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Астанада көшпелі бұлт шығып, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус, күндіз +7… +9°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8… +10°С, күндіз +13… +15°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде + 6… + 8°С, күндіз +15… +17°С болады.