Донецк пен Горловка зымыран шабуылына ұшырады. Хабарланғандай, елді мекендер бойынша 155 миллиметр калибрлі «натолық» зымырандар түсті.
«Украинаның Қарулы құралымдары тарапынан келесі бағыттар бойынша зымыран шабуылы жасалды: 6.45 — Дзержинск елді мекені — Горловка елді мекені (Никитов ауданы): 155 миллиметр калибрлі бес снаряд атылды… 17.24 — Нетайлово елді мекені — Донецк қаласы (Киров ауданы): 155 миллиметр калибрлі үш снаряд атылды… 17.35 — Нетайлово елді мекені — Донецк қаласы (Киров ауданы): 155 миллиметр калибрлі екі снаряд атылды… 17.42 — Нетайлово елді мекені — Донецк қаласы (Киров ауданы): 155 миллиметр калибрлі үш снаряд атылды; 17.47 — Нетайлово елді мекені — Донецк қаласы (Куйбышев ауданы): 155 миллиметрлік үш снаряд атылды; 17.53 — Дзержинск елді мекені — Горловка елді мекені (Никитов ауданы): 155 миллиметр калибрлі төрт снаряд атылды», — делінген ашық ақпарат көздерінде.
Горловка Донецк қаласынан 50 шақырым солтүстікте орналасқан, қалада «Стирол» химиялық концерні және көмір өндіруші кәсіпорындар бар. Горловка — 2014 жылдан бері ДХР-ның бақылауындағы ірі елді мекендерінің бірі. Донбастағы қақтығыс басталғанға дейін Горловка халқының саны 250 мыңнан астам болған. Ол жақта Зайцево ауылы мен Гагарин атындағы және «6/7» шахталары жиі атқылауға ұшырайды.