НАТО Бас хатшысы ұйым Украинадағы қақтығыстың тарапы емес екенін мәлімдеді

НАТО Бас хатшысы мүше-елдер Киевке әскери көмек көрсетіп жатқанына қарамастан, блок Украина аумағындағы қақтығыстың тарапы емес екенін мәлімдеді.

Бұл ретте, Солтүстік Атлантика альянсы Украинаға әскери қолдау көрсетуді жалғастырады, деп атап өтті Столтенберг.

«НАТО қақтығысушы тарап емес, бірақ біз Украинаға қажет болғанша қолдау көрсетуді қолдауды жалғастырамыз… НАТО одақтастары заманауи жүйелерді, соның ішінде артиллерия, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және бронетранспортерлермен қамтамасыз етуде», — деді Столтенберг блок елдері қорғаныс министрлігі басшыларының отырыстарының қорытындысы бойынша.

Ол сондай-ақ Украинаны қолдауға «елеулі үлес қосқан» НАТО мүшелеріне алғыс айтып, оларды осындай қолдауды жалғастыруға шақырды.

Мәскеу бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізгені үшін нота жіберген болатын.

РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға жеткізілетін қару-жарағы бар кез келген жүк Ресейдің нысанасына айналатынын атап өтті. РФ сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, «отпен ойнауда» деп мәлімдеді.

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Батыс елдерінің Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуі Ресей-Украина келіссөздерінің сәтті болуына ықпал етпейтінін және теріс әсерге ие болатынын атап өтті.

Добавить комментарий